Авторские архивы: Alipmuratova Nazym

Ат спортын серік етсек…

Өзін жылқы мінезді санайтын қазақ халқы әу бастан бәйге десе делебесі қозып, ішкен асын жерге қойған. Шынын айту керек, соңғы жылдары елімізге енген жаңа технология мен жаһандану үрдісінің салдарынан ұлттық болмысымыз ұмытыла жаздағандай күй кеше бастағанбыз. Осы жағын жете түсінген Елбасы былтыр «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Бұл еліміздің зиялы қауымына үлкен ой салып, жер-жерде рухани жаңғыру ...

Читать далее »

Мәдениет қазығының бастауы

Қазақтың тарихы пышақтың қырындай емес, әлі де зерттеліп-зерделеуді күтіп тұрған том-том кітаптар ұлт жадында тұр. Түп тамырымызды түгендесек, сақ дәуірінен бастау алады. Мақалада айтылған Ұлы даланың жеті қырының бірі – Алтын адам. Қазақ жерінен бір емес, алты Алтын адамның табылуы қазақтың жерінің тұнған тарих, ашық аспан астындағы музей екенін дәлелдейді. 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылып, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық ...

Читать далее »

Ұлттық өнерге өріс кең

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы да жаһандану заманында ұлттық болмысымызды сақтап қалу жолдарын анық көрсетуімен құнды болды. Ал, күні кешегі жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын біз «Рухани жаңғырудың» жарасымды жалғасындай қабылдадық. Фольклор дегеніміз – ғибрат. Өткеннен өнеге алмай, ата салтына адалдық танытпай, түп қазығымызды танымай болашаққа жоспар жасау қауіпті. Өйткені, кешегісін ұмытқан ұрпақтың жоғалуы да ...

Читать далее »

Құрылыс – сапалы, еңбекақы – жоғары

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында біздің құрылыс компаниясы  ұжымы бірқатар міндеттерді айқындап, межелі жұмыстарды бастап кетті. Әлеуметтік және тұрғын үй құрылыс нысандарын салумен айналысатын «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – өңірдің құрылыс саласында өзіндік қолтаңбасы бар іргелі құрылыс ұйымы. Облыста бой көтерген көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің кешенді құрылыстарында біздің ...

Читать далее »

Емханаға тіркелгені – 627 258 тұрғын

Қыркүйектің 15-інен 15 қарашаға дейін созылған емханаға тіркелу науқаны аяқталды. Науқан барысында  аймақта 6592 адам медицина ұйымын еркін таңдау құқығын пайдалана алды. Азаматтардың басым көпшілігі жекеменшік медицина ұйымдарын таңдады. Ал, жалпы, халық тіркеліміне 627258 тұрғын енді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың айтуынша, науқан аясында облыс тұрғындарының басым бөлігі емханаға өздері барып тіркелсе, сегізі ...

Читать далее »

Зерделіден – зерлі сөз

Мақат ауданына қарасты Доссордағы мәдениет үйінде ұрпақтар сабақтастығын арттыру, ұлттық өнеге, салт-дәстүрлер мен адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында тағылымы мол кеш өтті. Кештің қонағы – Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф-жазушы, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күре тамыр» кітаптарының авторы Зейнеп Ахметова. «Ата аманаты» атты кездесу кешіне халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры, ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы, Мақат пен ...

Читать далее »