Авторские архивы: Alipmuratova Nazym

«Аналар мектебі» – сіздер үшін!

Атырау қалалық перзентханасында «Болашақ аналар мектебі» ашылды. Мұнда келешек ана мен әке атанушыларға сала мамандары дәріс өткізеді. Психологтар қызмет көрсетіп, дені сау сәбиді дүниеге әкелудің қыр-сырын үйретеді. Босану кезіндегі жаттығулар да арнайы көрсетіледі. Бұл туралы жүкті аналарға аталған перинатальдық орталықтың тыныс-тіршілігін таныстыруға арналған экскурсия барысында айтылды. Ана мен бала саулығын қорғауда ақхалаттылардың еңбегі қашан да орасан. Олар бар жауапкершілік өздеріне ...

Читать далее »

Қазақ руханиятын жаңғыртудың жаңа дәуірі

Кең байтақ сайын дала төсінде қоныс теуіп, мекен еткен қазақ халқының тарихи тамыры тереңде жатыр. Саясаттың «салқыны», қала берді әр дәуірдің қилы-қилы кезеңдері ұлттық болмысымызды толықтай айқындауға кедергі болды. Ал, сол олқылықтың орнын толтырып, өткенімізді түгендеуге мүмкіндік беретін Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналды. Демек, маңызды құжаттан туындайтын мәселелерді жүзеге асырудың жолдары қандай? ...

Читать далее »

Тұрғын үй көмегі: қалай есептеледі, кімге беріледі?

Елімізде аз қамтылған, қолдауға мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қамқорлық көрсетіледі. Соның бірі – тұрғын үй көмегі.  Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ұлықбек Тналиевтің айтуынша, аймақта мұндай көмекке 750 отбасы ие болып отыр. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері 28,7 млн. теңгені құрайды. Үйде тәрбиеленетін және оқитын 387 мүгедек балаға 11,2 млн. теңге материалдық көмек тағайындалып, төленген. ...

Читать далее »

Қоғамдық көлік неге кешігеді?

Соңғы он жылдықта Атырау қаласының аумағы ұлғайып, жаңа ықшамаудандар бой көтеруде. Бұл қалаішілік қоғамдық көлікке сұранысты арттыра түсті. Редакцияға қоңырау шалған Нұрсая ықшамауданының тұрғындары  қоғамдық көлік  жұмысына көңілдері толмайтынын айтады. Олардың айтуынша, аялдама бар, автобус жоқ.  Бұл жөнінде жергілікті тұрғындар мәселе көтергенімен, шешімі табылар емес. Жақында Нұрсаяға барып, осы жағдайды бағамдап қайттық. Аталған ықшамауданның «Самал» деп аталатын аялдамасында қоғамдық көліктің ...

Читать далее »

Біздің жүлдегерлер

Аймақ жылнамашысы атанған «Атыраудың» тілшілері байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінді. Газеттің қоғамдық-саяси бөлімнің шолушысы  Мәлике Қуанышева дәстүрлі «Шаңырақ» облыстық  байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Ал, экономика және әлеуметтік мәселелер бөлімінің шолушысы Дәулетқали Аруев үшінші орынды қанжығаға байлады. Газет бетінде Ассамблея  ұдайы жариялап, ойлы мақалаларымен оқырман жүрегіне жол таба білген Мәлике Мәлікқызы бұған дейін «Бірлігіміз жарасқан!» арнайы қосымшасын әзірлеген болатын. Кәсіби ...

Читать далее »

Күн тәртібінен түспейтін мәселе

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов баспасөз конференциясын өткізді. Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жобаларды іске асыру барысының оң динамикасы байқалғаны айтылды. Қазіргі таңда департамент бұл жұмыстарды жаңа форматта жүргізу кезеңін бастады. Яғни, түсіндіру шараларымен қоса, әр саланы қамтитын жобаларды іске асыру арқылы алдын ...

Читать далее »