Авторские архивы: Alipmuratova Nazym

Бард ақын фестивалі

Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың әнін орындаушылар арасында облыстық «Табылды әні» атты лирикалық шығармалар фестивалі өтті. Байқауға 16 мен 36 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысты. Аталған өнер фестивалінде қатысушыларға қойылған ерекше талап – ақынның халық арасында кеңінен танылған «Сәйгүлік», «Биіктік», «Желтоқсандағы жыр», «Мен қазақпын», «Ұнатамын мен сені» атты бес әнін орындауға тыйым салынды. ...

Читать далее »

Қазақы той: оны қалай қалыптастырамыз?

Әрбір отбасы үйде болатын ерекше қуанышын көпшілікпен бірге атап өтуге үлкен мән беретіні анық. Бірнеше ай дайындалып, шақырылған қонақтарға сый-құрметіңді көрсету жолында бар ынта-жігеріңді саласың. Демек, «Тойдың болғанынан, болары қызық» деген нақыл сөз әлі де мәнін жойған жоқ. Осы орайда, той өткізудің белгілі бір шарты немесе жазылған нұсқауы болмаса да, бұрынғы ата-баба салтымен уақытылы жаңарып, жалғасын тауып келе жатқаны аян. ...

Читать далее »

Шалғайдағы ауданның шырайлы шағы

Қызылқоға – бүгінде әлеуметтік-экономикалық жағынан да айтарлықтай дамып жатқан аудан. Өңірдегі шағын ауылдардың өзі алыстан көз тартатындай кейіпке енген. Өйткені, жылдар бойына тұралап қалған құрылыс саласы қарқын алған. Әсіресе, сәні мен сапасы жағынан облыс орталығындағы ғимараттардан еш кем түспейтін заманауи үлгідегі әлеуметтік нысандар мен тақтайдай тас жолдардың игілігін ел көруде. Осы және өзге де жаңалықтар туралы Қызылқоға ауданының әкімі Арман ...

Читать далее »

Медициналық сақтандырудың тиімділігі неде?

Елбасы тапсырмасымен қолға алынған Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың маңызы қандай? Оның тиімділігі неде? Жарнаны кім, қалай төлейді? Осы және өзге де сауалдар аясындағы мәселелер «Atyraý» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясында ұйымдастырылған «дөңгелек үстелге» арқау болды. Мемлекеттің негізгі байлығы саналатын ұлт денсаулығын сақтаудағы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын талқылауға арналған басқосуға аталған газеттің бас редакторы Исатай Балмағамбетов модераторлық етті. Ашық пікір ...

Читать далее »

Бірлігі бекем елдің берекесі артады

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтті. Облыстық мәслихат хатшысы, этномәдени бірлестік мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында жүктеген тапсырмалары мен міндеттері және ұлтаралық татулықты нығайту бағытында атқарылған ауқымды істер талқыланды. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасы Нұрлан Ноғаев діни конфессия, этномәдени бірлестік ...

Читать далее »

Өнегелі өмір

Шілденің шіліңгір ыстығының беті қайтып, тамыздың тамылжыған күндері басталған шақ. Кешкілік мезгіл. Железноводскідегі «Геолог Казахстана» емдеу-сауықтыру пансионатында демалушылардың  дені – оқушы балалар. Олар үшін жайдары жаз қызықтары ерекше көңілді, әрі әсерлі өтіп жатқандай. Шипажайдағы күй күмбірі Балалар шырқаған әсем әуенді саз осында демалуға келген үлкендер жағын да елітпей қоймады. Кешкі тамақтан соң саялы бақта таза ауада демалып отырған Қатимолла аға ...

Читать далее »