БРЕЖНЕВКЕ ТІС САЛҒАН

дәрігер Задош Құсайынов  болатын

Ел медицинасының тіс емдеу саласында өзіндік із қалдырған маман – Задош Құсайынов деген жерлесіміз еді. Ол – Алматы медицина институтында 1960 жылы ашылған стоматология факультетін бітірген алғашқы түлектердің бірі.

Continue Reading

ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР

дәрігерлер мен мұғалімдердің жұмысын жақсартады

«Каспий тұрба құбырлары консорциумы-Қазақстан» (КТК-Қ) акционерлік қоғамы аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытындағы қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Әсіресе, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық-техникалық базасы біраз жаңарып қалды. Осы жолы да аталмыш компания іргелі іс тындырды.

Continue Reading

ТАУБҰЙРАТТАН ТҮЛЕГЕН ТҰЙҒЫН

Анау алыстағы Азғырда өткен ғасырдың 50-інші жылдарына дейін бірнеше ұжымшар тұрғындарының басын қосатын Таубұйрат деп аталатын ауылдық кеңес болды. Соның Қарақұс деген жерінде Мекес 1940 жылдың 15 мамырында қарапайым колхозшылар Төлеген мен Мәдинаның отбасында дүниеге келді. Қолда бар малды ортаға алып, таңдайға басар құмыршық көже мен қара суын қазанында қайнатқан үйелменнің шілдехана тойы екі-үш үй адамдарынан аспай, мәз болды. Артынша соғыс басталып, тұсауы енді ғана кесілген нәрестенің әкесі майданға алынды. Көп кешікпей ұжымшардың отымен кіріп, күлімен шыққан Мәдина апаның қолына «Қатардағы қызыл әскер Төлеген Төрешев Сталинград қаласын неміс фашистерінен қорғауда ерлікпен қаза тапты» деген қара қағаз тиді. Сөйтіп, жесір әйел мен жетім бала бір-біріне сүйеніп, күндер кешті. Асандағы бастауыш мектепті тәмамдаған Мекес орта мектепті кеңшар орталығы – Сүйіндіктен аяқтады. Қай-қайсысында да жататын өз үйі жоқ болатын. Реті келсе мектеп жатақханасында, болмаса Нәпиқа сынды нағашыларын сағалап, оқуын бітірді-ау.

Continue Reading

РЕЙХСТАГҚА ЕСІМІН ЖАЗЫП ҚАЛДЫРҒАН

майдангер Сауғабай Үсенов туралы сыр…

Сауғабай Үсенов он сегізге толғанда, яғни 1943 жылдың жазында майдан шебіне алынып, Мәскеу түбіндегі Внуково, Домодедово, Яхрома, Звенигород қалаларында  парашюттен секіру жаттығуынан өтеді.

Continue Reading

ЕЛЕУСІЗ ҚАЛҒАН ЕР

Ойлап отырсақ, қан майданда елін жаудан қорғап, одан кейінгі бейбіт өмірде ерен еңбек үлгісін танытқан жандардың елеусіз қалып жатқандары да бар. Осы орайда мен бір кездегі Құрманғазы атындағы колхоздың майталман балықшысы, Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін бірнеше ордендермен, медальдармен наградталған, қазір арамызда жоқ Масалимов Хисмет туралы сөз қозғағым келеді.

Continue Reading

ЕРТЕ ЕСЕЙІП, ЕЛІН ҚОРҒАҒАН

Атам Базарбай Сүйінәлиев те кешегі ел басына күн туған шақта қолына қару алып, елін жаудан қорғау үшін майданға аттанған, ерлікпен шайқасып, жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан халқымыздың батыр ұлдарының бірі болғанын мақтаныш тұтамын.

Continue Reading