Авторские архивы: atyrau

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Қашаған кен орнында мұнай өндіру бойынша жүзеге асырылатын Солтүстік Каспий жобасының іске қосылуына да санаулы уақыт қалғаны белгілі. Осыған орай қоршаған ортаға келтірер зиянына алаңдаған жергілікті тұрғындардың көкейкесті мәселе төңірегінде сауалдары арта түсті. Кеше, НКОК компаниясы өткізген қоғамдық тыңдауда жұртшылық мазалаған сұрақтарына жауап алды. Оған бүкіл әлем көз тіккен жобаның жүзеге асырылуын жіті назарында ұстап отырған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ЕЛТАҢБАСЫ

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Читать далее »

«…ЖҰМЫСЫ ЖОҚТЫҚ АЗДЫРАР АДАМ БАЛАСЫН»

Облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың пікірінше, алкогольдік және нашақорлық мас күйінде жасалған қылмыстардың саны былтыр (арғы жылмен салыстырғанда) 82,5 пайызға өсіп кеткен. Жалпы, жергілікті жерде 7935 маскүнем есепте тұрады. Соның дені - Атырау қаласының тұрғындары екен. Облыстық прокуратурада өткен облыстық құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінің отырысында осы мәселелер ортаға салынды.

Читать далее »

ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНІ КӨПШІЛІК КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

6343ghҚаймағы бұзылмаған қазақы Қызылқоға ауданы – бүгінде қазақтың дәстүрі мен өнерін берік сақтаған аймақ. Даласы мыңғырған малға, дүбірлі еңбекке толы өңірде сөзден жыр өрген, күмбірлеген күй тартып, мың бұралып би билеген өнерпаздар да көп. Ауданның мәдениет күні облыс орталығындағы Махамбет атындағы қазақ драма театрында ерекше салтанатпен атап өтілді. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған ресми топ арнайы келіп, көрме және концерттік бағдарламаны тамашалады.

Читать далее »

ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ ҮЗІЛМЕЙДІ

5453536346345g«Дегдар» гуманитарлық қорының қолдауымен бастау алған қайырымдылық кештері елімізде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев, Андрей Трегубенко және халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Құрманаев Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыкалық колледжі оқушыларына фортепиано, баритон, виолончельден шеберлік сыныптарын өткізді.

Читать далее »

БИЗНЕСТЕГІ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН НАҚТЫ ҚОЛДАУҒА ИЕ

909808908-«Алтын сапа» - Елбасының 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес, халыққа қалтқысыз қызмет көрсету саласындағы жақсы нәтижелерге қол жеткізгені және мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін жыл сайын берілетін сыйлық. Өткен жылдың қорытындысымен «Алтын сапа» байқауында атыраулық кәсіпорындар арасында «КазНИГРИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш рет осы жүлдені жеңіп алды. Ал, осы шараға қатысқан оннан астам мекеме Президент Әкімшілігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды. Жақында облыстық әкімдікте өткен кәсіпкерлік жобаларын талқылайтын аймақтық кеңестің кезекті отырысында осы марапаттар иелеріне тапсырылды. Олардың ішінде аграрлы-техникалық колледжі, «Інжу-маржан» сауықтыру кешені, «Өнерпаз», «Рауан Налко», «Бірінші мамыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Каспий балық» өндірістік кооперативі және басқалары бар.

Читать далее »

ҚАРАҚШЫЛАР ҚҰТЫЛМАДЫ

Бейсенбі яғни, ақпанның 21 күні ертеңгілік 9 сағат шамасында жедел басқару орталығына телефон шалған азаматша СМП-136 ауданындағы коттедж үйге қарақшылық жасалғаны туралы хабарлайды. Бет перде киген төртеудің бірі үйде қалған жас қызға пышақ тақап қорқытып, қалғандары үйдің ішін аралап, астан-кестеңін шығарады. Қарақшылар қолдарына түскен алтын бұйымдарды, компьютер планшетін, ақшаларды қолды етіп, іздерін жасырады. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары іздестіру жұмыстарына кіріседі.

Читать далее »