Авторские архивы: atyrau

АБЗАЛДЫҚ ӘЛІППЕСІ

АҚИҚАТ ПЕН БАҚЫТ
Шындық қолға ұстап келе жатқан алау секілді, ұстағанның қолын күйдіреді.
Адам шындыққа кездеспей тұрмайды, бірақ көбісі оны айналып өткісі келеді.
Шындық жек көргізеді.
Шындық майысуы мүмкін, бірақ сынбайды.
Шындықты айт, ашуланба, сұрағанға азғантай болса да бер. Осылай ғана Құдайтағаланың дегеніне жақындауға болады,- дейді Будда.

Читать далее »

ТУ ҰСТАҒАН БАТЫР ПЫШТАНАЙ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

3535536АҢЫЗ АДАМ ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
XVII-XVIII - ғасырлардағы елімізді шапқыншы жаулардан қорғап, жерімізді сақтап қалуда ерен ерлігімен аты шыққан каһарман тұлғаларды әлі күнге дейін анықтап, толық зерттеп болғанымыз жоқ. Олар туралы ақиқат соңғы жылдары ғана жазыла бастады. Солардың бірі — Қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы жанкешті шайқастарда қол бастаған жаужүрек батыр Ерқосайұлы Пыштанай.

Читать далее »

ӘЗІРБАЙЖАНМЕН ӘРІПТЕСТІК АРТАДЫ

Атырауға Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Рашад Маммадов пен «Қазақстандағы Әзірбайжанның Бизнес инвестициялар ассоциациясының» президенті Рафат Алиев бастаған делегация келіп, екі ел арасындағы сауда-саттық айналымын арттыру, бизнесті дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Лариса Жұмағалиева өңірдегі кәсіпкерліктің жай-күйімен таныстырды.

Читать далее »

КӨНЕ КАНАЛДАР КҮРМЕУІ НЕМЕСЕ БҰЛ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАР НЕ АЙТАР ЕКЕН?

575757Жалпы, ежелден жері шөлейт, ылғалы тапшы Атырау аумағы үшін бір тамшы судың өзі алтынға сатып алғысыз қымбат. Оның үстіне, жыл санап Жайығымыз да тарылып, ол жоғары жағында түрлі бөгеттермен буылуда. Міне, осындай жағдайда көктемде келіп қалар суды барынша тиімді пайдаланып, шабындық пен жайылымды, егіндік жерлерді қамтамасыз етудің мүмкіндігі қандай? Осы орайда көне каналдар өзін ақтап отыр ма?

Читать далее »

ҒАСЫР КЕЛІСІМІ ЕЛІМІЗДІ ҒАЛАМДЫҚ ЖЕТІСТІККЕ БАСТАДЫ

77777777777777777777777777777777777777777777Кеше «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесінде тағылым мен тәлімге толы, мәні мен маңызы жоғары шара өтті. Ол белгілі қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Равиль Шырдабаевтың «Қазақстан мұнайы. Ғасырлық тарих» атты кітабының тұсаукесеріне арналды.
Кезінде тәуелсіз еліміздің алғашқы Мұнай және газ министрі болған автордың өзінің жаңа еңбегін бірлескен кәсіпорынның 20 жылдығы қарсаңында жарыққа шығаруы да тегін емес. Өйткені, ол ТШО компаниясының Қазақстан жағынан тұңғыш директоры қызметін атқарған. Майталман мұнайшының осы орасан еңбегін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов те, бірлескен кәсіпорынның бас директоры Тим Миллер де, өзге пікір білдірушілер де атап айтты.

Читать далее »

ЖЫЛАН ЖЫЛЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

Шығыс күнтізбесі бойынша биылғы жыл - Жылан жылы. Тарихқа көз жүгіртсек, Жылан жылы елеулі оқиғалармен есте қалды. Атап айтсақ, 1905 жылы бірінші орыс төңкерісі болса, он екі жылдан соң, яғни, 1917 жылы ақпан буржуазиялық және Ұлы Қазан төңкерістері көрініс тапты.

Читать далее »

«ТӘРБИЕ ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ»

1. Наурыз құтты болсын! Жас күніңіздегі осы мерекенің тойлануы, қазір көп елене бермейтін салт-дәстүрлер есіңізде бар ма? 2. Отбасында қыз баладан гөрі ер баланың тәрбиесі қиынырақ деп жатады. Сіз сайдың тасындай алты ұлды өсірдіңіз. Барлығы да тілге жатық, өнерге бейім, қазақы тәрбиеде ата дәстүрді бойларына сіңірген. Осының сыры неде? 3. Сіз талай келінге ене атанып отырған анасыз. Ене мен келін ...

Читать далее »

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕН ЫРЫС КЕТПЕЙДІ

Жүздеген ұлысты бауырына басқан қазақ — бейбітшіліктің бесігін тербеткен ел. Бір тілім нанды бөліп жеп, тірлік еткен басқа жұрттың баласы бұны жасырмайды. Қазір қазақ болмаса, қайтер едік дейтіндері көп. Ал, ырыстың алдын ынтымақ еткен текті ел тәуелсіз болғалы тіптен түледі. Төл мереке қарсаңында облыстық әкімдікте өткен «Ырыс алды - ынтымақ» тақырыбындағы қоғамдық форум осы айтқанымыздың дәлеліндей болды.

Читать далее »

ДОСТАР КӨҢІЛІ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы – барша қазақстандық азаматтардың ортақ мерекесі. Жыл сайын аталған мереке сан түрлі ұлт өкілдерінің басын қосып, достығы жарасып, қаймағы бұзылмаған кең көлемде аталып өтуде. Биылғы жылы Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР Президенті аппараты игі бастаманы қолға алып, халықтар достығын одан әрі нығайту мақсатында облыстар арасында телекөпір ұйымдастырды.

Читать далее »