ҮЗДІКТЕР – ҚАЛА ӘКІМІ ҚАБЫЛДАУЫНДА

Биыл Атырау қаласы бойынша 1855 түлек орта мектепті бітірді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Нұрсәуле Сайлауованың айтуынша, соның ішінде 1451 оқушы Ұлттық бірың-ғай тестілеуде 11 жыл алған білімін сарапқа салмақ. «Алтын белгіге» үміткерлер саны 23 болса, 15-і «Үздік аттестат» иегері атануға талаптануда. Ал, 12 атыраулық жас түлек халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жүлдегерлері болғандықтан, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес Ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылып отыр.

Continue Reading

ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ АЛҒАНДАР

Облысымыздағы іргелі білім ошақтарының бірі әрі бірегейі – Атырау облысының қазақ-түрік лицейі. Биылғы оқу жылында білім ордасын 46 түлек тәмамдағалы отыр. Олардың 32-сі түрлі республикалық және халықаралық олимпиадалар жүлдегері атанып, ҰБТ тапсырудан босатылған.

Continue Reading

ЖЫРҒА ӨРІЛГЕН ЖҮРЕК СӨЗІ

Атыраудағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияда да жиырма төртінші оқу жылының  аяқталуына орай соңғы қоңырау соғылды. Осындағы салтанатты шараға арнайы келген Атырау  қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шәкірова жаңа өмірге бағыт алған түлектерге сәт сапар тіледі.

Continue Reading

ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН ЕРЕКШЕ КҮН

«Соңғы қоңырау» салтанаты Жұмыскер селолық округіндегі №35 мектеп-гимназияда да ерекше аталып өтті. Бұл шараға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев қатысты. Мектеп басшысы Айгүл Каришеваның айтуынша, мұнда барлығы 1168 оқушы оқиды. Білім шаңырағынан биыл 23 шәкірт түлеп ұшқалы отыр.

Continue Reading

АҚ КӨГЕРШІН ҰШЫРДЫ

Атырау қаласындағы Надежда Крупская атындағы №18 орта мектепке биыл 80 жыл толмақшы. Осынау айтулы датаны ескеріп,  «Соңғы қоңырау» кешіне қатысқан Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев мектепке сый-сияпаттар табыстады.

Continue Reading

АЛДА – ҮЛКЕН СЫН

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия мектебінен биылғы оқу жылында 49 оқушы түлеп ұшты. Оның бесеуі – «Алтын белгіге», екеуі – «Үздік аттестатқа» үміткерлер.

Continue Reading