Ауруханаға – жаңа қондырғы

Облыстық аурухана жаңа медициналық қондырғымен толықты. Ангиограф заманауи медициналық құрылғысы қан айналым жүйесін, жатыр мойны ісіктерін емдеуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан бері қарай аталмыш құрылғының көмегімен облыс бойынша он жеті ота жасалыпты. Жергілікті рентген-хирург Мұрат Қайралиевтің кезекті он сегізінші отасын көруге облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров, облыстық аурухананың бас дәрігері Сайын Шомыров және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

anu_1699

Он сегізінші ота 57 жасар қала тұрғынына жасалды. Науқасқа «мидағы қан айналым жүйесінің бұзылуы» диагнозы қойылған. Ота жаңа медициналық құрылғының көмегімен жүзеге асты. Адамның ағзасына  артериялық қан тамыры арқылы кішкентай катетер енгізіліп, дәрігер монитор арқылы ішкі ағзаны бақылайды. Мәселен, жатырдың мойнына келетін негізгі қан тамыры арқылы аурудың ошағын тауып, бекітеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыровтың айтуынша, ангиограф құрылғысы облыс бойынша ауруханаға алғаш рет қондырылды. Бұл құрал инсульт ауруының алдын алу, ауруды уақытында табу диагнозын қойып,  жедел  анықтау үшін тиімді болмақ. Жалпы, өңірімізде қан айналым жүйесінің бұзылуына байланысты аурулар қатары көбейіп тұр. Қондырғы жергілікті бюджеттен 340 миллион теңгеге алынған.

Нұргүл ЫСМАҒҰЛОВА

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*