Аурудың алдын ал!

Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің кейбір аймақтарында менингокок инфекциясы өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, Қазақстандағы ауа райының бірқалыпсыз болуы аталған инфекцияға қатысты көрсеткіштерді әлі де өзгертуі мүмкін. Олай болса, әркімге өз денсаулығын күтіп, аурудың алдын алу маңызды. Осы мақсатта Атырау қаласындағы «Baizaar» сауда, ойын-сауық орталығында тұрғындарға түсіндіру акциясы өтті.

??????????

Облыстық денсаулық сақтау саласына қатысты құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен өткен шарада сала мамандары азаматтардың қан қысымын өлшеп, арнайы жадынамалар мен медициналық бетперделер таратты.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Облыс аумағында соңғы үш жылда індетке қарсы дерек тіркелген жоқ. 2015 жылы тоғыз жағдай орын алып, оның төртеуі өліммен аяқталды. Ал, күні бүгін республика бойынша менингокок инфекциясының 61 дерегі пайда болып, оның 12-сі қайғылы жағдайда аяқталды.

Бұл деректерді маңызға ала отырып, менингокок жұқпасын болдырмау мақсатында санитариялық эпидемияға қарсы іс-шаралар біздің өңірде кеңінен қолға алынды. Арнайы жұмысшы тобы құрылып, аурудың алдын алудағы шаралар жүргізілуде. Атырау қалалық жедел жәрдем стансасында арнайы жаттығу-семинарлары өтті. Науқасқа шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық жабдықтар мен дәрі-дәрмектермен қамтылды. Мұндай жұмыстар аудандарда да қарқын алды. Ұлттық сараптама орталығының Атырау облысы бойынша филиалымен науқастардан мате-риал алу, оларды зертханаға жеткізу ережесі туралы  жұмыстар да жүргізілуде, – деді Темірбек Сырымұлы.

Мамандардың айтуынша, адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде дәрігерге көрініп, оның барлық нұсқауларын орындау қажет. Әртүрлі мәдени көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда, ойын-сауық орталықтарындағы алаңдарға баруды шектеу де маңызды. Деннің саулығы және айналадағы адамдарға ауру жұқтырмау үшін мұрын жұтқыншақтарының жедел және созылмалы ауруларын уақытында емдеген жөн. Сондай-ақ, әр адам өз иммунитетін көтеріп, толықтыруы қажет. Әсіресе, сала қызметкерлері ауруды тез қабылдайтын балалар үшін оған ата-аналар баса маңыз беру керек.

Осы және өзге де ақпараттар жөнінде халық арасындағы санитариялық-ағарту жұмыстары артып, аурушылықтың тіркелуіне күн сайын-ғы мониторинг жүргізілуде. Мәселен, Атырау қалалық №5 емханасының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Әсет Хамитовтың сөзінше, аз күннің ішінде бір ғана нысанда сегіз мыңнан аса адамға түсінік шаралары өтті. 34 мың тұрғын тіркелген бұл денсаулық сақтау мекемесінде жұмыстар әлі де қарқын алады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*