АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!

 

Бақытымызға орай, қазіргі кезде осы дертке шалдыққан аяғы ауыр аналар үшін болашақ сәбиін қорғайтын, шарананың дамуына кедергі келтірмейтін вирусқа қарсы дәрі-дәрмек бар. Сондықтан, әйелдер кеңесі бөлмесіне уақтылы хабарласудың және иммунитет тапшылығы вирусынан тексерістен барынша ерте мерзімде өтудің септігі зор. Бұл вирус қанның ақ клеткаларында жасырынып тұрады және оны бірден анықтау мүмкін емес. Сондықтан, вирусты жұқтырған науқас бір емес, бірнеше мәрте тексерістен өткенде ғана оң нәтиже береді. Осындай есеппен әлемнің өзге елдері секілді біздің мемлекетімізде де жүкті әйелдер АИТВ жұқпасынан екі рет тексерістен өткізіледі. Ал, аталған жұқпа болашақ анадан табыла қалған жағдайда бірден вирусқа қарсы дәрі тегін беріліп, босанған соң жаңа туған сәбиін жасанды тамақтандыруға кеңес беріледі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында әрбір азаматтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын айтып келеді. Ал, болашақ сәбидің саулығы үшін анасы жауапты. Сондықтан, дәрігерлердің әр кеңесіне құлақ түру нәрестенің денсаулығын сақтауға көмектеседі. Өйткені, бала – мемлекетіміздің болашағы және дені сау болып өсуге құқылы!

А. ҚАРАҚҰЛОВА,
облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*