Мақатта оқу орталығы ашылды

shtildilikke les ospa 3 Қоғам

Аудан орталығында мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына математика, орыс, ағылшын тілдерінде дәріс үйрету арқылы үштілділікті дамыту мақсатында оқу орталығы ашылды.

Үштілділікке үлес қоспақ (3)

Орталықтың салтанатты ашылу сәтінде аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлім басшысы Азамат Шаңғалаев, кәсіпкерлер, орталықтан білім алып жүрген балалар мен ата-аналары қатысты.

Дәстүрлі лентасын қиып, шашуын шашқан тілеулес жандар ақжарма тілектерін арнап, жас ұрпақтың білім алуына жасалып жатырған игі бастамаға сәттілік тіледі.

Жергілікті атқарушы орындардың ықпалымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында ашылған орталықта ағылшын тілін үйренуге ниетті кез-келген жастағы азаматтардың ақылы курстан дәріс үйреніп, сертификат алуға мүмкіндіктері бар. Орталық заман талабына сай компюьтерлермен жабдықталып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама қолдауымен несие алып, өзінің жеке кәсібін бастаған Жазира Нұртасқызы жас ұрпақтың білімге ынтасын оятып, заманауи бағдарламаларды меңгертуді мақсат еткен. Ол «Бастау-Бизнес» бағдарламасы арқылы тегін оқу оқып, жеңілдетілген несиенің көмегімен өз ісін бастаған.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз