Мақат ауданында коворкинг орталығы ашылды

Kovorking ortalyi yi ashyildyi 1 Қоғам

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен балалар кітапханасында коворкинг орталығы ашылды. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген айқын бағыттарды жүзеге асыру мақсатымен партияның «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында қолға алынған іс.

Коворкинг орталығы ашылды (1)

Орталықтың ашылу салтанатына келген аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов пен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева лентасын қиып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов бастаған ардагер оқырмандар кітапхана ұжымына сәттілік тіледі.

Коворкинг орталығы кітапханаға келген әрбір оқырманмен бірлесе жұмыс жасауына ықпал етіп, сүйікті демалыс орынына айналады деп күтілуде. Орталық заманауи үлгіде жабдықталып, балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық мүмкіндік жасалған. Кітапхана ғимараты ішінде балаларға арналған оқырман залында балалар рухани танымдық өресін кеңейтсе, ертегілер бөлмесінде балалар өздеріне ұнаған ертегілер кейіпкерлеріне еніп, қойылымдар қоюына мүмкіндік алады. Бұл балалардың шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына септігі мол. Сонымен қатар, компьютермен жабдықталған бөлмеден ғаламтор желісі арқылы жас оқырмандардың қажетті ақпаратты алуына да жағдай жасалған. Ата-аналарымен келген балалар ертегі тыңдап, тоғызқұмалақ, дойбы, т.б. логикалық ойындарға белсене араласуда.

Ашылу салтанатында кітапхана басшысы Ақмарал Өтешова орталыққа келген оқырмандарға жаңа партиялық жоба – коворкингтің кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құру, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастыру арқылы еліміздегі барлық кітап қорының электронды форматқа көшіру талаптарын жадылады.

Л.НҰРБАЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз