Құлсарыда жаңа аквапарк ашылды

Screenshot 6 Жаңалықтар

Құлсары қаласында аквапарк ойын-сауық кешені ашылды. Жаңа нысан 2 гектар жерді алып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын қала маңындағы «Қамыскөл» көлі жағалауынан  алғашқы қадасы қағылған нысан жылыойлық кәсіпкерлердің қаражатына салынды.

Screenshot_6

Балалардың жазғы каникулға шыққан сәтінде құрылысы аяқталған аквапаркте бір мезетте мыңға жуық адам тыныға алады. Мұнда екі үлкен бассейн, су аттракциондары жұмыс жасайды.

Заман талабына сай құрылғылармен жабдықталған ойын-сауық кешенінде үлкен теннис корты, волейбол, шағын футбол алаңдары бар.  Әткеншек, үрмелі шарлар мен батуттар, су бұрқағы кішкене келушілерге үлкен әсер сыйлайды.

Жалпы құны 450 млн. теңгеге тұрғызылған аквапарк 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Құлсары қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің айтуынша, аталмыш демалыс орны болашақта спорттық сайыстар мен мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру мекеніне айналмақ. Қазір мұнда құлсарылықтар ғана емес, көрші Мақат, Бейнеу ауданынан да тұрғындар жанұясымен келіп, демалушылар қатарын толықтыруда екен.

Бақытжан Жұмат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз