Ибрагимнің игі ісі

Ibragimni igi isi Қоғам

Ауданда «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар қолға алынып отыр. Рухани сананың жаңғыруына  бағытталған жобалардың мақсаты – жергілікті азаматтардың туған жерінің туын көтеріп, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін арттыру, өнегелі істерін халық игілігіне жаратып, елжандылық қасиеттерін үлгі ету.

Ибрагимнің игі ісі

Осындай шараның қатарында «Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС басшысы, белгілі кәсіпкер Ибрагим Ақдрашевтың демеушілігімен Доссор кентінде жоспарланған 2 жоба бар.  Ол тас жол құрылысы мен  саябақ салуға демеушілік жасап отыр.   Қашан да қайырымдылық істен тартынбайтын  отаншыл азамат кіндік қаны тамып, өскен жері –Доссор кентінде де өз қолтаңбасын қалдыруды көздепті. Сөйтіп, құны 45 млн. теңгені құрайтын жоба жоспарлаған. Алдымен,  емшілігімен халқына шипасын дарытқан Амангелді ата қорымына дейін тас жол салып, ескерткіш  белгісін орнатты. Одан соң Доссор кентінен қан майданға аттанып, Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарға арналған «Мәңгілік алау» мен ескерткіш белгі орнату мақсатында саябақ  құрылысын қолға алды. Оның  құны 72 миллион  теңгені құрап отыр.

«Нефтестройсервис ЛТД» ЖШС-нің атқарушы директоры Рашид Отаровтың айтуынша, саябақтың құрылысы қарашаның соңында аяқталады деп күтілуде. Жаңа нысанның эстетикалық үйлесімімен қатар, экологиялық тұрғыда да қамтылуы назарға    алынған.  Саябақтағы ескерткіштер мен «Мәңгілік алау» маңы  төсеме тастармен өріліп, мәрмәрмен көмкерілуде. Жарық   шамдары бар. Сондай-ақ, тал-теректермен, жасанды жасыл-желек төсемелерімен көгалдандырылатын саябақ тұрғындардың  демалыс алаңына айналары даусыз.

Лена НҰРБАЕВА,

Мақат ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз