Атыраулық желі қолданушылары 6-шы ақпан күні Мақат ауданының әкімі Жұмабай Ғаббасұлымен «кездеседі»

IMG 20190205 WA0059 Саясат


6-шы ақпан күні сағат 17:00 де Мақат ауданының әкімі Қарағаев Жұмабай Ғаббасұлы әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы есеп береді.
Өзінің мұнай кен орнымен танымал Мақат ауданы тағы қай бағытта дамуда? Тұрғындарды толғандыратын ауданның өзекті мәселелері қандай? Осы және өзге де сұрақтарға жауап алғыңыз келсе және өзіңіздің қояр сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, тікелей эфирге қосылыңыз!
Facebook : https://www.facebook.com/AkimatAtyrau
Instagram : https://Instagram.com/akimat_atyrau
Еске сала кетелік, 2019 жылдың ақпан айынан бастап Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары Атырау облысы әкімдігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде есеп беруді бастаған болатын. Ашық диалог алаңында кез келген тұрғын басшыларға өз сауалын қоя алады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

IMG 20190205 WA0059

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз