Ауыл жастарын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту керек (+ФОТО)

50539593 623031028131567 4765904605965975552 o Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Қызылқоға ауданына жұмыс сапары барысында жастармен кездесті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

50750892_623031038131566_6377361754011205632_o

Алдымен Атырау облысының әкімі Миялы ауылындағы «Жастар ресурстық орталығының» ғимаратына барды. Айта кету керек, бұл аудандық жастар орталықтарының арасында балансына жеке ғимарат алған алғашқы орталық. Мұнда 14-29 жас аралығындағы жастар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, жаңа жобаларды жоспарлай алады, әр түрлі мәселелер бойынша кеңес алуға да мүмкіндік қарастырылған.

50542000_623031164798220_1150738767867281408_o

Облыс әкімі жастармен кездесіп, идеяларын тыңдады, оларды қызықтыратын тақырыптар мен жобалар туралы білді. Аудан әкіміне жастарға кәсіпкерлік негіздерін белсенді түрде түсіндіру керектігін айтып, тапсырма берді.

50606697_623031031464900_5758843999045550080_o

-Мемлекет басшысы айтқандай, шағын және орта бизнес – біздің экономикамыздың драйвері. Студенттерді бизнес субъектілерінде тәжірибеден өткізу жайын ойластыру керек. Ауданда 1 465 кәсіпкер бар, олар студенттерге бизнес негіздерін оқыта алады. Мемлекет өз кезегінде бұл тәжірибенің ақысын төлей алады, -деді облыс әкімі.

50539593_623031028131567_4765904605965975552_o

Сонымен қатар аймақ басшысы Миялы ауылындағы қызметтік үйлерге де барды. 2018 жылы салынған бұл үйлерде мұғалімдер, дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер тұрады. Құрылыстың жалпы ауданы 1155 км.

 

50620567_623031104798226_5694927274999021568_o

Аймақ басшысы Қызылқоға ауданындағы тарихи-өлкетану музейіне барды. Музейде аудан тарихына қатысты тоғыз мыңнан астам жәдігер бар. 2018 жылы музейде 3700 адам болған. Жұмыс сапары барысында Нұрлан Ноғаев «Нұр Отан» партиясының Қызылқоға аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз