Атырауда Ардақ Назаровпен кездесу өтеді

Аудан хабарлары Басты жаңалық Ел жаңалықтары ЖАСТАР ЖЫЛЫ Жаңалықтар

Atr.kz/11 қыркүйек, 2019 жыл. Атырауда 17 қыркүйек күні ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, танымал спортшы Ардақ Назаровпен кездесу өтеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Ел намысы-ер намысы» деп аталатын рухани кездесу «Жастар жылы» аясында ұйымдастырылуда. Кездесу  19:00-де «Құрманғазы» мәдениет үйінде өтеді. Сонымен қатар, 17 қыркүйек  күні сағат 10:30-да  «Жалын» мәдениет үйінде Ардақ Назаров  Исатай ауданының тұрғындарымен кездесетін болады.

Айта кетейік, ұлт жанашыры, елімізге танымал спортшы Ардақ Назаровпен  кездесу үшін кіру тегін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *