АУАНЫ БҮЛДІРГЕНДЕРГЕ – АЙЫППҰЛ!

Сонымен қатар, Атырау облысы бойынша экология департаментінің инспекторлары облыстағы құқық қорғау және басқа да бақылаушы органдармен бірлескен тексеру жұмыстарына қатыстырылды. Штаттан тыс жағдайда жедел әрекет етуді талап ететін, азаматтардың арызы бойынша ресімделген жоспардан тыс тексерулер де жүргізілді. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторлары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында, 150 субъектінің шаруашылық қызметіне экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындылары бойынша 143 экологиялық заңбұзушылық анықталып, 906 958,2 мың теңгеге 168 әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, қоршаған ортаға келтірілген залалы үшін жалпы сомасы 15 328 066,7 мың теңгеге 72 ұйғарым берілді.
Осылармен бірге, табиғатты пайдаланушылардың шаруашылық қызметін тоқтатуға бағытталған 8 талап материалы сот органдарына жіберілді, олар экологиялық рұқсатсыз қоршаған ортаға эмиссияны жүзеге асырумен, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болмауымен, сондай-ақ, ағынды суларды тазарту бойынша жабдықтарды пайдалану ережесінің бұзылуымен байланысты. Мысалы, «Арнаулы автобаза» КМК-мен пайдаланылып отырған Атырау қаласының қалалық полигонында қалдықтардың өртенуі тұрақты құбылысқа айналып отыр, ол қаланың атмосфералық бассейнін ластаушы негізгі көзге айналуда, сөйтіп, қала тұрғындары тарапынан наразылық туғызуда.
2013 жылдың бірінші жартыжылдығында полигондағы қалдықтардың өртенуі бойынша алты дерек тіркелген. Барлық деректер бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олардың нәтижесімен «Арнаулы автобаза» КМК-на қатысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 240-2 бабының 2 бөлімі бойынша әкімшілік істер қозғалып, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына одан әрі қарау үшін жіберілді.
Сотта қаралу нәтижесі бойынша бес дерек негізінде әкімшілік айыппұл салынды, ал соңғы дерек бойынша қоршаған орта эмиссияға берілген рұқсаттың әрекет ету мерзімін бір айға тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты, департаментпен қоршаған орта эмиссияны жүзеге асырумен байланысты «Арнаулы автобаза» КМК қызметін бір айға тоқтату үшін сот органдарына талап арыз жолданып, ол қаралып жатыр.
Жылдан-жылға мемлекеттік экологиялық инспекторлардың талаптары негізінде табиғат пайдаланушылар есебінен қаржыландыру көлемі табиғатты қорғау шаралары үшін арта түсуде және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында, алдымен, табиғатты қорғау шараларының орындалуына баса назар аударылады.
2013 жылдың 1 жартыжылдығында өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру бойынша экологиялық заң талаптарының сақталуы бойынша 29 тексеру жүргізілді. Өндіріс қалдықтарымен байланысты экологиялық заңнамалардың сақталмауы бойынша 37 заңбұзушылық анықталды.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру шеңберінде есеп беру кезеңінде 37 әкімшілік айыппұл 1 174 836 теңгеге салынды. Сонымен қатар, 60 213 417 теңгеге 2 ұйғарым берілді. Оның ішінде, «Уралэнергострой» ЖШС-не қалдықтарды орналастыру талаптарының бұзылуына байланысты 60 175 038 теңгеге берілген ұйғарым, сот шешімімен толықтай қанағаттандырылды, «Таяшев» ЖК-не қалдықтарды орналастыру үшін қоршаған орта эмиссиясына рұқсатының болмағаны үшін 38 379 теңгеге берілген талап арыз Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың қарауында жатыр.

А.НАСИЛОВ,
Атырау облысы бойынша экология департаментінің бөлім жетекшісі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*