Ауған соғысында қазақтардан құралған «мұсылмандар батальоны» жауды аямаған

Ауған соғысына қатысты мынадай мәлімет бар: 22 мыңнан астам қазақстандық интернационалдық борышын өтеді. Соның 761-і майдан даласында қаза тапты, 21-і хабарсыз кетті. Қарулы қақтығысқа аттанған атыраулықтың саны 872-ні құрайды. 13-нің өмірі қыршынынан қиылса, біреуі із-түзсіз жоғалды. Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиын боздақтарды еске алудан, деректі фильмді  тамашалаудан басталды. – Соғыстағы сарбаздардың жасы сол кезде бар болғаны 19-20-да еді. Буындары бекіп, оң-солын әлі танып үлгермегенімен, олар Отан алдындағы борышына адалдық танытты. Көзсіз ерлік көрсетті. Ал, батыр болу үшін жауынгердің қаза табуы, сол майдан даласында қалуы шарт емес, – деді салтанатты шарада  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. Ауған соғысындағы аласапыран…

Обзор

Ауған соғысына қатысты мынадай мәлімет бар: 22 мыңнан астам қазақстандық интернационалдық борышын өтеді. Соның 761-і майдан даласында қаза тапты, 21-і хабарсыз кетті. Қарулы қақтығысқа аттанған атыраулықтың саны 872-ні құрайды. 13-нің өмірі қыршынынан қиылса, біреуі із-түзсіз жоғалды.

Ауған жеріндегі аласапыран

Махамбет атындағы қазақ драма театрында өткен салтанатты жиын боздақтарды еске алудан, деректі фильмді  тамашалаудан басталды.

– Соғыстағы сарбаздардың жасы сол кезде бар болғаны 19-20-да еді. Буындары бекіп, оң-солын әлі танып үлгермегенімен, олар Отан алдындағы борышына адалдық танытты. Көзсіз ерлік көрсетті. Ал, батыр болу үшін жауынгердің қаза табуы, сол майдан даласында қалуы шарт емес, – деді салтанатты шарада  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Ауған соғысындағы аласапыран кезең бүгінде әртүрлі бағаланып жатыр. «Кім үшін және не үшін соғысты?» деген сауалдар қойып, өзгеше пікір айтатындар бар. Дегенмен, сол кездің талабын, әскери міндетін отандастарымыз мүлтіксіз орындады. «Ауған жауынгерлерін кінәлауға ешкімнің құқығы жоқ. Бұл Сіздер үшін антқа – беріктіктің, досқа адалдықтың, биік азаматтықтың сынағы болды. Оны абыроймен өтедіңіздер» деді аймақ басшысы.

Ауған соғысы ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы Ғабиден Қайыржановтың айтуынша, кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы қайғылы, мұңды  әрі  қуанышты  күн саналады.

– Қайғылы болатындығы, біз сол уақытта талай ержүрек азаматтарымыздан айырылдық. Оларды еске ала отырып, көңіліміз еріксіз босайды. Мұңды дейтініміз, соғыстан қаруластарымыз жараланып, аяқ немесе қолынан айырылып оралды. Оларды көріп отырып, жанымыз күйзеледі. Ал, қуаныштысы, әрине, бүгінгі бейбіт өмірде ұрпақ өрбітіп, соның қызығын көріп жатқанымыз, – деді Ауған соғысы ардагерлері облыстық кеңесінің төрағасы.

Кешегі жауынгерлер аты аңызға айналған «Қара майор» туралы да ерекше тебіреніспен әңгімеледі. Борис Керімбаев басқарған «мұсылмандар батальонының» ерлігін, оның дені қазақ жігіттерінен құралғанын айрықша толғаныспен еске алды. «Кеңестің генералдары қандасымызды басшылық қызметке тағайындағанда «Біз қазір бір қолымызды көтеріп тұрмыз. Егер тапсырма орындалмаса, екінші қолымызды да көтереміз» деген екен. Осыншалық ауыр міндеттің ойдағыдай орындалуы батыр ұрпақтың сабақтастығын көрсетті» деді Ғабиден Қайыржанов.

Салтанатты шарада бір топ Ауған соғысының ардагері облыс және қала әкімдерінің Алғыс хаттарына ие болды. С.Нұрмағамбетов, Т.Бигелдинов атындағы  медальдар иелерін тапты. Жиын өнерпаздардың өнеріне ұласты.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*