Атыраулықтар мерекелік концертті тамашалады

Жаңалықтар

Аtr.kz/10 мамыр, 2019 жыл. Кеше түнде атыраулықтар мен қала қонақтары Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған концертті тамашалады.

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен шарада Ақмарал Машимова, Әсет Әлиев, Венера Машкалиева және тағы да басқа белгілі атыраулық әншілер өнер көрсетті. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдызы Қуандық Раxым мен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева әндерін тарту етті.
Алаңға көрермендер көптеп жиналды. Мерекелік концерт соңы отшашуға ұласты.


Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *