Атыраулықтар «Масленица» мерекесін кең көлемде атап өтті

Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/10 наурыз, 2019 жыл. Масленица – қыс мезгілін шығарып салып, көгілдір көктемді қарсы алатын славян халықтарының ұлттық мерекесі.

Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде басталып, “Ретро саябақ” кешенінде жалғасқан мерекелік шараны “Былина” этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Мұнайлы астананың тұрғындары мен қонақтары әсем думанның куәсі болып қана қоймай, Масленица мейрамының тарихымен танысты, таза ауада ұйымдастырылған түрлі ойындар мен байқауларға белсенді атсалысты.

Фархад КАРАПИДЕНОВ, фото автордікі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *