Атыраулық судьялар – екінші орында

   Атырау қаласында ұйымдастырылған ҚР Судьялар одағының аймақтық VIII спартакиадасы өз мәресіне жетті.

   Бұған дейін хабарланғандай, «Мұнайшы» орталық стадионында екі күнге созылған жарысқа Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Батыс Қазақстан және алаң иелері – Атырау облысы соттарының судьялары қатысты. Олар футбол, үстел теннисі, шахмат, дойбы, волейбол, үлкен теннис және бильярдтан – барлығы жеті спорт түрінен бақ сынады. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы жоғары ұпай жинап, бірінші орынды жеңіп алды. Ал, Атырау облысынан қатысушылар екінші орынға ие болса, үшінші орын оралдық судьяларға бұйырды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*