Атыраулық парадзюдошы Теміржан Жапонияда жеңіске жетті (+ВИДЕО)

ATR.TV Басты жаңалық Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/11 наурыз, 2019 жыл. Бүгін Жапония астанасы Токио қаласында парадзюдодан Халықаралық турнир өтті. Оған 15 ел өкілдері қатысты.

81 келі салмақта атыраулық спортшы Теміржан Дәулет сынға түсіп, чемпион атанды. Ол алғашқы кездесуінде Ұлыбританиялық Брэдли Камеронды, екінші кездесуінде тағы бір британдық Пауел Даниельді ұтты. Ақтық сында Франция спортшысы Петит Назанды қылғындыру әдісімен тізе бүктірді.

«Теміржан бұл Халықаралық турнирге салмақ қумай, ауыр салмақта күресті. Соған қарамастан финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Петит Назанды сенімді жеңді. Халықаралық турнир алдында Грузия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатынбыз. Соның арқасында жақсы дайындықпен шықтық», – дейді аға жаттықтырушы Жандос Қиянов.

Айта кету керек, Теміржан 73 келі салмақта Паразиада ойындарының қола жүлдегері.

Дереккөз: “ҚазАқпарат”

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *