АТЫРАУДЫ ЖЕРҰЙЫҚ САНАЙТЫН

Расында да, Нұртас Дәндібайұлын облыс жұртшылығы жақсы қабылдады. Өзі де кішкене кезінен жоқшылықты көп көрген, етінің тірлігі мен ілгері ұмтылушылығы арқасында ғана биікке көтерілген аймақ басшысы өзгенің де мұң-мұқтажын жақсы сезінді, шамасы жеткенше қамкөңіл жандарға жәрдемдесуге тырысты. Жалпы, Атырау аймағына келгенше оның өмірі мен еңбек жолы қалай өріліп еді?

 Ия, абзал ағаның балалық шағы ауыр өтті. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Үшқайың ауы-лында қарапайым шаруаның отбасында 1904 жылдың 26 қазанында дүниеге келді. Туған анасы Жұмагүл Нұртас үш-төрт жасқа толғанда дүние салды. Рас, екінші анасы Дәрігүл өгейлік танытпады. Нұртас ауыл молдасынан екі жыл дәріс алып, сауатын ашқан. Әсіресе, араб пен парсы тілдерін үйренуі кейін өзіне өмірлік қажеттілік болды.

 Содан патшаның 1916 жылғы бұратана халықтан тыл жұмыс-тарына адам алу жөніндегі жарлығы ұлт-азаттық көтерілісіне ұласты. Одан әрі 1917 жылғы Қазан төңкерісі елді тағы дүрліктірді. Мұның бәрінің соңы қуаңшылыққа соқтырып, қазақ даласын аштық жайлады. Соның салдарынан егін де өспеді, шабындықтар да қурады, жайылымдар да жұтады. Сол кезде Нұртас 13-14 жастағы бозбала болатын, осы зобалаңның бәрін көрді. «Жұт жеті ағайынды» дегендей, оған қатал қыс жалғасып, адамдар аштықтан шыбындай қырылды. Дәндібайдың отбасы түгелімен осы жұттың құрбаны болады. Періштесі қақты ма екен, тек жалғыз Нұртас қана аман қалды. Аштық алқымнан қыс-қан жандар жан-жаққа босып, тірі қалудың қамын ойластырады. Көпке ілескен Нұртас та Ташкент жағына өтіп, Келес деген жерде байларға жалданады. Мақта да тереді, қора да тазалайды, мал да бағады. Кейін сондағы жүн зауытында, қыш құю кәсіпорнында қара жұмыс жасады.

 Сөйтіп жүргенінде Ташкент қаласында жетім балаларға арналған мектеп-интернат ашылғанын естіп, Нұртас 1920 жылы соған оқуға барады. Ол одан әрі оқуын Ташкенттегі орман шаруашылығы техникумында    жалғастырып, оны 1927 жылы тәмамдайды. Осында оқып жүргенінде компартия қатарына өтеді. Нұртас мұнымен де тоқтамайды. Біраз уақыт мамандығы бойынша еңбек етіп, 1934 жылы Ташкенттегі Орта Азиялық су инженерлерін дайындайтын институтты бітіреді. Бұл кезде ол теориялық және тәжірибелік тұрғыдан жақсы даярланған маман еді.

Жұмыс жасаған кезінде ұйымдастырушылық қабілеті де таныла түседі. Мұнысы республика басшылығының назарына шалынып, 1934-1938 жылдары Қазақстандағы орман шаруашылығында басшылық қызмет атқарады. Кейін партия-кеңес органдарына жұмысқа шақырылады. Алдымен Шығыс Қазақстан облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясының екінші съезіне делегат болып сайланады. Біраз уақыттан соң Нұртас Дәндібайұлы Қазақ КСР Үкіметінің төрағалығына көтеріледі. Бұл жұмысты ол он үш жыл үзбестен атқарады (1938-1951). Ал, 1951-1953 жылдары Мәскеуде СОКП Орталық Комитетінің жанындағы Жоғарғы партия мектебінде оқиды. Содан 1954 жылдың наурыз айында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағалығына сайланады. Әрине, үлкен лауазым. Бірақ, Нұртас Дәндібай-ұлы кеңседегі қызметтен гөрі, халық арасынан табылғанды, көпшілікпен бірге жүргенді қалайды. Сөйтіп, жоғарыда айт-қанымыздай, 1955-1962 жылдары Гурьев облысының партия-кеңес қызметтерінің басшылығында зейнеткерлікке шыққанша істейді.

Міне, Атырауға келгенше оның жүріп өткен жолы осылай өріледі. Сөйтіп, Нұртас Дәндібайұлы ғұмырының ширек ғасырын партия-кеңес органдарында өте жауапты қызметтерге арнайды. Оның республикалық деңгейде атқарған ерен еңбегі орасан. Ке-зінде И.Сталиннің қабылдауында болып, В.Молотов,     Л.Каганович, А.Микоян, А.Косыгин, К.Байбаковтармен қызмет барысында жиі араласқан.

Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*