АТЫРАУДЫҢ ӨЗ «АНАКОНДАСЫ» ПАЙДА БОЛДЫ (ВИДЕО, ФОТО)

ATR.TV Агрокешен Басты жаңалық Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен және «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бірлестігімен «Алмалы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «анаконда» атты жаңа құрылғы іске қосылды.

Енді әр цехтағы жұмыртқаларды қолмен ешкім тасымайды. Барлығы жаңа құрылғы арқылы автоматты түрде бір жерге жиналады. Айта кетейік, «Алмалы құс» серіктестігі – қазыналы өңірде құс еті мен жұмыртқа шығаратын ірі кәсіпорынның бірі болып саналады. Мұнда былтыр 101 миллион жұмыртқа мен 50 тоннадан астам құс еті өндірілді. Ендігі меже – 110 миллион жұмыртқа өндіру.

Аталған кәсіпорынның басқарушы директоры Виктор Пацтың айтуынша, «Алмалы құс» өнімі облыстағы құс еті мен жұмыртқаны тұтыну үлесінің 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазір серіктестіктегі жүзге жуық адам 314 мың құсқа күтім жасайды. Тәулігіне алты цехтан 360 мыңнан аса жұмыртқа жиналады.

– Өткен жылы мемлекет тарапынан кәсіпорынға 93 миллион теңгенің субсидиясы бөлінді. Ал, биыл жұмыртқа өндіретін тағы бір цехты қосуды көздеп отырмыз. Бұл жұмыртқа өндірісін едәуір молайтуға мүмкіндік бермек, – дейді Виктор Павелұлы.

 (Толығырақ газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *