Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды (+ВИДЕО, ФОТО)

Жаңалықтар Спорт

Atr.kz/ 10 сәуір, 2019 жыл. Атырауда Шалқар Ақымғалиевтың рухына көкпар ұйымдастырылды.

Жаппай көкпарға 30-дан аса шабандоз қатысты. Шараны “НұрАтырау Құрылыс” ЖШС-і ұйымдастырды. Мекеме қолдауымен киіз үй тігіліп, қазақша күреске кілем жайылып, Құран оқылды. Шараға Шалкар Ақымғалиевтың анасы Ләззат Мәженқызы, қайғылы оқиғаны бастан кешірген Рүстембек Сүндетов, ел азаматтары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара барысында Шалқар батырымыздың анасына алғыс xат табысталып, Рүстембек батырымызға шапан жабылды.

– Атырау обысында ұлттық спорт, соның ішінде көкпар қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда қаламызда апта сайын жеке азаматтар, мекемелер ұйымдастыруымен жаппай көкпар, топтық көкпар ұйымдастырылады. Бүгінгі шара халық батыры Шалқардың рухына ұйымдастырылды. Бұл еліне елеулі азамат, оның ерлік қадамы мәңгілік ел жадында,- деді Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері Федерациясының президенті Асланбек Жанбалаев.

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні Атырауда Шалқар Ақымғалиев Жайық өзеніне көпірден секірген бойжеткенді құтқарып, өзі қаза болған еді.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникация қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *