Атырауда қатты соққан жел көп қабатты үйдің шатырын ұшырып әкетті (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Жаңалықтар

  Atr.kz/ 12 сәуір, 2019 жыл.   Бүгін Атырауда түс мезгілінде Абай Құнанбаев көшесінде орналасқан №19 үйдің шатыры ұшып, үй маңында тұрған көліктердің үстіне құлады.

«Апатты жағдай туралы хабарлама жергілікті уақытпен 13.15-те келіп түсті. Оқиға орнына келген қызметкерлер көп қабатты үйдің шатыры ұшып кеткенін растады. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Бастысы, тұрғындар арасында қаза тапқандар немесе жапа шеккендер жоқ. Шатыр құлаған көліктердің иесі анықталуда» деп хабарлады Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Әуесқой түсірілім

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *