АТЫРАУДА АЛҒАШ РЕТ: ПУШКИН STAND-UP

Басты жаңалық Жаңалықтар Мәдениет

Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Атырауда 7 наурызда алғаш рет Вероника Насальскаяның “БАТА” театрының қойылымы көрсетіледі.

Театр “Евгений Онегин” романының сахналық нұсқасын дайындауда. Түскен қаражаттың бір бөлігі “Қызыл жарты ай” қоры мен “Атырау Шағын ел” ҮЕҰ-на беріледі. Пушкин Stand-Up – диалог элементі бар моноспектакль. Әртіс Вероника Насальская “Евгений Онегинді” мәнерлеп оқып тұрған сәтінде Пушкиннің кейбір идеяларымен бөлісу үшін көрерменге астарлы ой тастайды. Жоба ұйымдастырушысы Виктория Тарасова атыраулық көрермендерді не күтетіні туралы айтты.

– Атыраудағы алғашқы тәжірибеміз. Өмір бойы қайырымдылықпен, әлеуметтік жобалармен, театр гастролімен айналысып келемін, – дейді Виктория . – Спектакль көрерменді бей-жай қалдырмайтынына сенімдімін. Пушкиннің “Евгений Онегин” романының сюжеті көпшілікке жақсы таныс. Көрсетілім не туралы? Пушкин қазір қаншалықты маңызды? Ұлы жазушының ойын бүгінгі қоғам қабылдай ала ма? Қойылымды көргенде біздің бүгінгі өмірімізде ештеңе өзгермегенін аңғаруға болады.

«БАТА» театры – Қазақстандағы тәуелсіз театр компаниясы. Спектакльдер мен перформанстар өзекті және дәстүрлі мәдениеттің синтезі. Еуропалық, ресейлік сыншылар, халықаралық мәдени ұйымдар тарапынан жоғары баға алған, дүние жүзіндегі театр фестивальдары мен форумдарға қатысып жүр. Қойылымды көрген әр көрермен өткен мен бүгінді өзінше таразылайды. Уақыт өзгергенімен жүз жыл бұрын көтерілген тақырып бүгін де өзектілігін жойған жоқ.

Айта кету керек, шығындарды жапқаннан қалған қаражат (ұйымдастырушылардың айтуынша, 800 000 – 1 000 000 теңге аралығында) “Қызыл жарты ай” қоры мен Ерлан Күмісқалиевтің “Атырау шағын ел” ҮЕҰ беріледі.

– Мақсатым-адамдарды театрдың таңғажайып өмірімен таныстыру және сол арқылы мұқтаждарға көмектесу. Басқалардың да осындай бастамаларға қолдау көрсетуін қалаймын, -деп атап өтті Виктория Тарасова.

Билеттерді Азаттық 13 “Fashion empire” мекен-жайынан және ТИКЕТОН сайтынан алуға болады. Тел7: +7 702 837 43 82.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *