Атырау қалалық әкімдігінде жаңа тағайындаулар

  Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып ҚАРАҒАЕВ Жұмабай Ғаббасұлы тағайындалды

  Ж.Ғ.Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында туған. Ресей Федерациясындағы М.М.Губкин атындағы мұнай және газ мемлекеттік академиясын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. Техника ғылымдарының кандидаты. Тағайындалғанға дейін Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы лауазымында болды.

 Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып ҚАЗИЕВ Серікбай Қажмұратұлы тағайындалды

  С.Қ.Қазиев 1957 жылы Ресей Федерациясының Астрахань облысында туған, Волгоград ауылшаруашылық институтын бітіріп, инженер-механик мамандығын алған. Тағайындалғанға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

  Атырау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы болып ИБРАЕВ Руслан Төлепбергенұлы тағайындалды

  Р.Т.Ибраев 1981 жылы Қостанай облысында туған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, Атырау мұнай және газ институтын бітірген. Мамандығы – заңгер, мұнай ісінің бакалавры. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшыcының міндетін атқарушы лауазымында болды.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*