Атышулы Төлешовтің люкс санатындағы сегіз көлігі сатылымға шықпақшы

Бесінші қыркүйек күні Gosreestr.kz сайтында Тоқтар Төлешовтің сегіз темір тұлпары сатылымға шығады. Олардың бесеуі бұрын саудаланса, үшеуі тізімге енді қосылмақшы. Бұл туралы TVK арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

cb08390d61fd1326925aceffd00e0f92

2005 жылғы Toyota Camry көлігі – 2 700 000, 2002 жылғы Toyota Camry – 2 093 000 және 1997 жылғы Nissan Primera – 554 000 теңгеге сатылымға қойылмақшы.

Сегізінші тамызда өз иелерін таппаған тағы бес көлік те осы аукционда қайта сатылымға шығарылмақшы.

“Сыра королінің” темір тұлпарларының арасында: 2006 жылғы Chevrolet Suburban — 12 000 037 теңге, 2006 жылғы GMC Yukon XL Denali – 6 527 000 теңге, 2006 жылғы Bentley Continental GT  — 13 703 000 теңге, 1992 жылғы Mitsubishi GT — 1 083 000 теңге және 2005 жылғы Rolls-Royce Phantom — 40 150 000 теңгеге бағаланған.

Естеріңізге сала кетсек, Астана қалалық соты Тоқтар Төлешовтің 26 жеңіл автокөлігін тәркілеген болатын.

Олардың 22-сі ОҚО Жекешелендіру департаментінің иелігіне өткен. Chevrolet Suburban маркалы екі автокөлігі әлі де бағалау сатысында тұр. Ал қалған төртеуі бұрынғыша іздестіріліп жатыр.

12 көлік мемлекеттік органдардың балансына берілген.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*