Атыраулық журналистер арасында байқау жарияланды

Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының құрылғанына 25 жылдығына орай іргелі білім ошағы мерейлі жыл ішінде бірнеше жобаларды ұйымдастыруды жоспарлауда. Сондай шаралардың басы бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Шәкірт тәрбиелеген ширек ғасыр» атты конкурсы.

aldy2

Бәйге Атырау облысына қарасты телеарна, баспасөз және сайт қызметкерлері арасында өткізілмек. Жеңімпаздар «Үздік телевизиялық материал» (жаңалық бейнесюжеті, телеочерк, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір білдіру, деректі фильм), «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат) және «Интернет желісіндегі үздік материал» (ақпараттық хабарлама, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат, шолу, эссе, очерк, рецензия) номинациялары бойынша анықталмақ.

Ширек ғасырда сапалы білім мен ізгіліктің ордасына айналған Атырау «Білім-Инновация» лицейі ұйымдастырып отырған бұл конкурстың мақсаты Елбасымыздың білім саласына қатысты Жолдауда көрсетілген тапсырмалар мен бағдарламаларды білім ошағының жұмыстары арқылы насихаттау, БАҚ құралдарын білім беру саласындағы тың жаңалықтарды үзбей жария етіп тұратын жұмыстарды қолға алуға шақыру, білім саласы тақырыбында қалам тербеп жүрген жаңа есімдерді анықтау. Сайыс ережесіне орай қатысушылар эфирге шыққан газет, сайтқа жарияланған материалдарын ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін тапсыруы шарт.

Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 2018 жылғы 26 сәуір күні өтеді. Жеңімпаздар ақшалай сыйлық және дипломмен марапатталады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*