Атыраулық жас бишілер Македонияда ел намысын қорғайды

8-14 жас аралығындағы балалар «Езерский бисер – 2018» халықаралық балалар фестивалінде ел намысын қорғайды.

IMG_1360-04-08-18-02-10

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, 7-12 тамыз аралығында Македония мемлекетінде жыл сайынғы «Езерский бисер – 2018» фестивалі өтеді. Фестивальге 10-нан аса мемлекеттен талантты балалар қатысады. Мұнайлы астана намысын қорғауға «Мирас» балабақшасының бишілер тобы мен «Дархан» өнер студиясының мүшесі Аяулым Қанатқалиева хореография номинациясы бойынша қатысады.

«Өткен жылы атыраулық жас әнші Санат Асуат Македонияның Прилеп қаласында «Звездочки» атты халықаралық музыкалық балалар байқауында бас жүлдені иеленген болатын. Ендігі байқауда бишілеріміз Санаттың жолын қуып, жүлдемен оралады деген сенімдеміз», – дейді «Almaly.kz» халықаралық балалар өнер фестивальінің директоры Шарбат Бисалиева.

Айта кеткен жөн, бишілер 1-5 мамыр күндері Атырауда өткен «Almaly.kz» V халықаралық балалар өнер фестивальіне қатысып, Македониядағы байқауға жолдама алған болатын.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*