Атыраулық жүзгіш Берлинде әнұранымызды шырқатты

Пара жүзуден әлемнің ең мықты спортшылары кезекті рет Германияда бақ таластырды.

?????????????????????????????????????????????????????????

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 50-ден астам елден 550 спортшы 32-ші дәстүрлі Берлиндегі әлем кубогында өзара мықтыны анықтауда.

Жарыстың алғашқы күні ұлттық құрама сапында бұған дейін де әлемдік жарыстардың жеңімпазы атанып жүрген атыраулық паралимпиадашы Ержан Сәлімгереев 100 метрде баттерфляй әдісімен жүзуде 1:21,61 нәтижесімен чемпион атанды.

Тағы бір спортшымыз Қазақстан Республикасының жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі Дмитрий Ли 200 метрде еркін әдіспен жүзуде күміс жүлдеге ие болды. Ержан мен Дмитрий мамыр айында өткен Қазақстан чемпионатында үш бірдей қашықтықта жеңіске жеткен болатын. Бүгінгі нәтижесі арқылы жерлесіміз жазғы Азия ойындарына жолдама ұтып алды, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*