Атыраулықтарда – төрт алтын!

«Атырау» спорт кешенінде Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесіне арналған ерлер арасында бокстан халықаралық турнир өтті.

122222

Бес күнге созылған былғары қолғап шеберлерінің сайысында Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінің және еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаршы алаң шеберлері қолғап түйістірді. Жылдан-жылға өткізілу ауқымы кеңейтіп келе жатқан жарыс тартысты әрі қызықты бәсекелерге толы болды.

Турнир қорытындысында жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтар арасында атыраулықтар да бар. Жарыс жолында жасындай жарқыраған Мерей Құрманғазы (52 келі), Ержан Ордабаев (60 келі), Нұртас Әбженов (64 келі), Бекболат Құрамысов (69 келі) алтын медаль, Амандық Манашев (75 келі) күміс медаль иеленді. Ал, Абылайхан Жүсіп (56 келі), Сұңқар Тельманов (81 келі), Айбек Ерметовтер (91 келі) үшінші сатыдан көрінді.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*