Атырауда қайықтар шеруі өтті

Атыраулықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы “Адал жол” марафонын жалғастырды.

38167208_2231491930404519_7835594148475305984_n

Ескек есуші спортшылар мен тұрғындар Жайық бойымен жүріп өтті. “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” атты ұранмен шыққан топ жалаулатып қала тұрғындарын тазалыққа, әділдікке шақырды. Шеруге шамамен 30 бірлік су көлігі – 20 қайық, 2 яхта, 6 гидроцикл және 1 кеме қатысты.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейірім Қалауидің айтуынша, бұл акцияның мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ халықтың, оның ішінде жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыста барлық топтарының өкілдерін тарт.

Шара соңы Ретро саябақта жергілікті өнерпаздар мен қала спортшыларының қойылымдарымен аяқталды.

Айта кетейік, бұл марафон 9 желтоқсанда қорытындыланады.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*