Атыраулықтар су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр

Атыраулықтар Шығыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауда. Штаб жастар ресурстық орталығының базасында ашылған. Сауапты іске мемлекеттік қызметшілер де үн қосып, қаржылай көмек аударуға ниет білдіріп отыр,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

31C5386F-5C3A-48DD-BD14-4472AA0B2F8E_w1023_r1_s

Бұл бастама облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ықпалымен ұйымдастырылуда. «Барлық жастар ұйымы қызу қолдау танытты. Гуманитарлық көмек 19 наурызға дейін жиналады. Содан кейін Шығыс Қазақстан облысына жөнелтеміз. Біздің еріктілеріміз де су тасқыны болған жерлерге барып, қолдарынан келетін көмектерін көрсетуге ниетті»,-дейді аталған басқарма басшысы Роллан Құспан.

Сондай-ақ, Атырау облысы әкімі аппараты мен басқармалар су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек жинап жатыр. Мемлекеттік қызметшілердің бір күндік еңбекақылары арнайы есепшот ашылғаннан кейін су тасқынынан зардап шеккендердің есепшоттарына аударылады.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*