Атыраулықтар Олимпиада күнін атап өтті

Атыраулықтар Олимпиада күнін ерекше атап өтті. Облыс орталығындағы “Бейбарыс” алаңында жас спортшылар бокс, көркем гимнастика сынды көптеген спорт ойындары бойынша көрсетілім қойды.

????????????????????????????????????

Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара одан әрі жастардың заманауи стильдегі биімен жалғасты. Мереке көркін “Стритбол” сайыстары қыздырды. Сонымен бірге, аула командаларынан құралған жас жеткіншектер өзара сынға түсіп, үздіктерді анықтады.

Айта кетелік, 23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні. Бұл атаулы күн қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы – Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрылған күні құрметіне атап өтіледі. 1894 жылы Халықаралық Олимпиадалық комитет құрылып, 1896 жылы І Олимпиадалық ойындарын Грекияда өткізу туралы шешім қабылданған еді. Ал, 1967 жылы Халықаралық Олимпиадалық комитет 23 маусымды “Халықаралық Олимпиадалық күні” деп белгіледі.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*