Атырауда бензин тапшылығы қатты байқалуда

Атырау облысында бензин қымбаттап қана қоймай, жанар-жағармай құю стансаларында оның тапшылығы байқалуда. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жаппай жазып жатыр.

бензин

– Кеше Атырау-Астрахань тасжолының бойында АИ-92 де, АИ-95 те болған жоқ. Исатай ауданындағы Аққыстау ауылындағы Жанар-жағармай құю стансасы да жұмыс істемеді. Ресей Федерациясымен шекаралас Құрманғазы ауданында да бензинді таппадық. Машинамыз газбен жұмыс істей алатыны жақсы болды. Ганюшкино ауылында газ толтырып алдық, әйтеуір отынның бұл түрі сатылымда бар екен, – деп хабарлады «Прикаспийская комунна» облыстық газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары бензин тапшылығы Мақат ауданында да болып жатқанын жазуда – АИ-92 мен АИ-95-ті «ҚазМұнайГаздың» жанар-жағармай стансаларынан ғана құйып алуға болады. Атырауда бензин «Гелиостан» басқа барлық ЖЖҚС стансаларында бар.

Еске салайық, өткен аптада Атырауда сұйық отын бағасы 2-3 теңгеге қымбаттады – АИ-92 – 144 теңгеге дейін, АИ-95 – 155 теңгеге дейін.

Отын тапшылығы себептерінің бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытының 20 күннен артық күрделі жөндеу жұмыстарына жабық болуы. Бүгінгі күні зауыт өндірісін жалғастыруда.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*