Атыраулықтар қажылыққа аттанды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұнайлы өлкедегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров қасиетті қажылық сапарға аттанып бара жатқан атыраулық жамағатқа сәт сапар тіледі.

9302 (1)

Қасиетті сапарды сүннетке сай өтеп келуге ниеттестігін білдірген өкіл имам Батыржан Берденұлы мұсылман қауымға парыз болған қажылықтың маңызы туралы айтып өтті. «Қажылық – ислам дiніндегі бес негiздiң соңғысы. Қажылық жасау – мұсылманның парызы. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана парызын өтей алады.

Хадис шарифте: «Ислам бес негiзге құрылған: Алла Тағаладан басқа Тәңiр жоқ және Мұхаммед оның Елшiсi (с.ғ.с) деп куәлiк ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Қажылыққа бару делiнген» деп атап айтты өкіл имам.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*