Атыраулықтар Астанада өткен әскери шеруді тікелей эфир арқылы тамашалады

Бүгін Исатай-Махамбет алаңында Отан қорғаушылар күніне және ҚР Қарулы күштердің  25 жылдығына арналған салтанатты әскери мәдени шара ұйымдастырылды. Көрермендер жергілікті әскери құрылым сарбаздарының Құлманов көшесінен және Исатай-Махамбет алаңына дейін өткізген шеруіне куә болды.

IMG_1611-07-05-17-01-50

Мәдени шара ең алдымен Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті-Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жауынгерлік әскери шеруден тікелей көрсетілімді тамашалады.

Қасиетті жеріміз көкте де, жерде  де, суда да сенімді  қорғалған. Бұл туралы бүгін ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

IMG_1616-07-05-17-01-50

«Ел тәуелсіздігімен бірге биыл Қарулы Күштеріміздің 25 жылдық мерекесін атап өтіп отырмыз. Мен ширек  ғасыр бұрын тәуелсіз еліміздің төл армиясын құру туралы дәл бүгінгі күні Жарлыққа қол қойған болатынмын. Содан бері аз ғана уақыт өтсе де Қарулы Күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Сайыпқыран сарбаздарымыз бүгінде ұлы даланың сенімді қорғаны, азаматтығымыздың алмас алдаспаны. Біз қазіргі заман талаптарына сай келетін, әлеуетті әскерімізді жасақтадық. Ел қауіпсіздігінің басты бағыттары айқындалды. Әскери доктринамыз қабылданды. Экономикамыз қарқынды дамыған сайын еліміздің Қарулы Күштері де жетіліп, нығая түсті. Әскери қауіпсіздігіміз «Қазақстан-2050»  бағдарламаның басты бағыттарының бірі болып саналады. Жауынгерлеріміз әлемнің әртүрлі түкпірінде бітімгершілік миссияларды өзіне алып, абыроймен атқарып шықты. Біздің әскеріміз ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарлы әскер ретінде танылды», – деді Елбасы.

IMG_1612-07-05-17-01-50

ҚР Президенті жерінің тұтастығын ойлайтын еліміз бейбіт өмірде баянды бақытқа балағанын,  тарихымыз өшпес ерліктің жылнамасы, жеңімпаздықтың шежіресі екендігін баса айтты.

«Баһадүр бабалардың ізбасарлары қазір Тәуелсіз Қазақстан әскерінің сапында тұр. «Жауынгерлік тәрбие әскери киімнен емес, жөргектен басталады» деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Жерінің қауіпсіздігін, елінің тыныштығын  қорғау әр азаматтың қасиетті парызы, абыройлы міндеті  болып саналады. Сіздер еліміздің шекарасы берік, шебі бүтін  болуы үшін қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Бүгінде қасиетті жеріміз көкте де, жерде  де, суда да сенімді  қорғалатынын көріп отырмыз. Қазақстан армиясының бүгінгі салтанатты  шеруі осының айқын көрінісі болып табылады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

IMG_1613-07-05-17-01-50

Бұдан соң  «Батыс» әскери гарнизоны ұйымдастырған әндер шеруі өтті.

Концерт ҚР Ұлттық «Ұлан» 5546 әскери бөлімінің  оркестрі, дирижері капитан Нұржан Дәуленовтың сүйемелдеуімен Александр Затаевичтің  «Қазақ маршы» әнімен ашылды.

IMG_1617-07-05-17-01-50

«Ұлан шеруі»   әнімен  17-ші Республикалық «Жас ұлан-2016»  әскери  ән байқауының жүлдегері, Батыс өңірлік қолбасшылығының байланыс взводының  сержанты  Айдар Негаев әнді керемет нақышына келтірсе, арнайы мақсат ротасы алаңда әскери жаттығу көрінісін көрсетті.

Батыс өңірлік әскери қолбасшылығының  кіші сержанттары, 17-ші республикалық «Жас ұлан-2016»  әскери  ән байқауының жүлдегерлері Эльвира Аязбаева мен Айгерім Нұржановалар Ирина Савицкаяның  «Солдаты» әндерін де тамаша орындады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суреттерді түсірген автор.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*