Атыраулықтар Астана халқына арзан ет өнімдерін ұсынуда

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан спорт кешені жанында Атырау облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.

Астаналықтарға арзан ет өнімдерін ұсынуда (1)

Тамыз айының 25-26 күндеріне жоспарланған жәрмеңкеге Мақат ауданынан «Абылай хан» шаруа қожалығы 2 бас жылқы мен 2 бас сиыр етін қолжетімді бағамен ұсынуда.

Қожалық директоры Ахмет Ищанов бастаған әріптестері жәрмеңке талабына сай тұтынушы сұранысын қамтып, астаналықтардың арзан ет сатып алуларына мүмкіндік жасады. Елорда төріндегі жәрмеңкенің ұйымдастырылуына аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Азамат Шаңғалаев, жер қатынастар бөлімінің басшысы Ерлан Қартабаев, Доссор кентінің әкімі Ербол Ермағамбетов бастаған бір топ жауапты маман да өз үлестерін қосуда.

Айта кетейік, ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің көрінісін танытқан жәрмеңкенің ел әлеуетін көтерудегі ықпалы зор.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*