Атыраулық таэквондошы Азия чемпионы атанды

Атыраулық Нұрлан Домбаев Вьетнам елінің Хошимин қаласында өткен паратаэквондодан ашық Азия чемпионатында чемпион атанды, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

IMG_0789

75 келі салмақта жерлесіміз Нұрлан Домбаев алдымен Жапониялық Тонака Митсуяны оңай ұтты. Ал финалда украиналық әлем және Еуропа чемпионы Антон Шветцті нокаудпен тізе бүктірді.

Lj_cdOtaQ5c

Айта кету керек, 2017 жылы Нұрлан әлем чемпионы атанған болатын. Ондада ақтық сында осы украиналық спортшыны ұпай санымен ұтқан.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*