Атыраулық түлектер облыс әкімінің грантын иелене алады

Мемлекеттік грантқа өтпей қалған, ҰБТ-дан жоғары балл алған 222 оқушыға облыс әкімшілігі гранты тағайындалған. Бұл жастар оқу орнын бітірген соң облыс басшылығы жолдамасымен жұмысқа орналасады екен.

11b092249c47108e7ce08114c8b807aa

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрсауле Сайлауованың айтуынша, грант бөлу мәселесі биыл да жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, Ш.Сариев атындағы өнер музейі ғимаратының бүгінгі таңда тарлық етіп отырғаны, Әбілқайыр хан даңғылы бойында салынып жатқан концерттік залдың құрылысы бітсе, аталған музейді көшіретін жоспар бар екені де айтылды.

Мәдениет саласында да үлкен жобалар жүзеге асырылуда. Өнер ұжымдары Еуропа елдеріне гастрольдік сапарларға аттанбақ. Осының өзінен елдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуі байқалатыны анық.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*