Атыраулық спортшылар паражүзуден 9 алтын медаль еншіледі

14-16 мамыр аралығында Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Атыраулық спортшылар 9 алтын медаль еншіледі, – деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы.

zH4SxALC4BY

“Мотиватор” лақап атымен танымал Ержан Сәлімгереев 100 м – кроль, 50 м – еркін әдіс және 50 м – баттерфляй сайыстарында қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Дмитрий Ли болса, 100 метрде шалқалай жүзу, 200 м – кешенді жүзу, 400 м – кроль әдістерінде үздік шықты.

Екатерина Обратнова 100 м – баттерфляй, 200 м – кешенді жүзу, 400 м – кроль әдістерінде алтын медаль иегері атанды.

Енді спортшыларымыз әлемге танымал сайыстардың бірі Германия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Ирина Алмас       

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*