Атыраулық спортшылар Арман Әшімовке қолдау көрсетті (ВИДЕО)

Аралас жекпе-жектен “M1 GLOBAL” тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы, ұлттық спорт түрі жекпе-жектен тұңғыш рет өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Арман Әшімовті қолдау мақсатында Атырау облысының спортшылары бейнеролик дайындаған болатын.

WhatsApp Image 2018-07-05 at 15.52.09

Бейнероликте атыраулық спортшыны қолдағандардың арасында парадзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері Әнуар Сариев, пара-таэквандодан әлем, Еуропа және екі дүркін Азия чемпионы Нұрлан Домбаев, паражүзуден әлем кубогінің иегері Ержан Сәлімгереев, муайтайдан әлем және Еуропа чемпионы Дидар Болатов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Жасұлан Хасимов және Атырау бокс клубының жас спортшылары бар.

Басты мақсат – ел абыройын көтеріп жүрген батырымызға демеу білдіріп, онымен бірге екенімізді көрсету. Чемпионымыздың тез жазылып, үлкен спорттық ареналарда ел байрағын әлі талай желбірететініне сенімдіміз, – дейді атыраулық спортшылар.

Айта кету керек, жақында Ресейде өткен чемпиондық кездесуде Арман қолынан алған жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмаған еді.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*