Атыраулық самбошылар Азия чемпионатынан жүлделі оралды

Моңғолия мемлекетінің астанасы Ұлан-Батыр қаласында 10-13 мамыр аралығында жасөспірімдер, ересектер мен əйелдар арасында спорттық жəне жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

dftrM_3YHJE

Айтулы бəсекеде Атырау облысының спортшылары жоғарғы нəтижеге қол жеткезді. Атап айтсақ, жастар арасында 48 келі салмақ дəрежесінде Еспусинов Асқар жеңімпаз атанса, қыздар арасында 48 жəне 56 келі салмақ дəрежелерінде Махуова Айымгүл мен Алмаз Гүлзада күміс жүлдеге ие болды.

Ал ересектер арасында 62 келі салмақ дəрежесінде Жұмабай Парасат жеңімпаз атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болды. Əйелдер арасында 80 келі мен +80 келі салмақ дəрежелерінде Тайжанова Қалжан мен Қапсалықова Саида күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, жауынгерлік самбо бойынша 57 келі салмақта Түсіпов Серікжан қола жүлде иеленді.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*