Атыраулық полицейлерге жаңартылған оқу полигоны пайдалануға берілді (ВИДЕО)

Атыраулық ІІД-нің қызметкерлеріне Алмагүл ықшам ауданында жаңартылған оқу полигоны пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатында Атырау облысы ІІД бастығының орынбасарлары Нығмет Мутигуллин мен Сұлтан Молдашев қатысты.

Screenshot_2

Атырау облысы ІІД бастығының орынбасары Нығмет Мутигуллин құттықтау сөзінде ІІД бастығы тарапынан қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуына баса назар аударып отырғанын атады. Сондай-ақ, кадрлар біліктілігін арттыруда криминалистік оқу орталығының алатын орны ерек екенін айтты.

Атырау облысы ІІД Жедел криминалистік орталығының бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Ахметжановтың айтуынша, оқу тобында учаскелік инспектор, тергеуші, анықтаушы, криминалдық полиция қызметкерлерінен тұратын 10 тыңдаушыдан болады. Орталық арнайы сыныптан бөлек «Дәріхана», «Тұрғын бөлме», «Көше» полигондарымен қамтылған.

2021 жылдан бастап енетін цифрландыру мен міндетті дактилоскопиялық және геномдік тіркеуге байланысты, жастар трассология, баллистика, дактилоскопия сияқты ғылымдар бойынша зерттеудің жаңа әдістерін жетік меңгеруі қажет. Былтырғы жылы бөлім қызметкерлерінің қатарына криминалистік рұқсаты бар 6 жас маман қабылданған.
Оқу полигонының ашылуында 3Д сканер (фотоаппарат) және айғақ заттар мен іздерді зерттеуге арналған өзге де заманауи құрылғылардың мүмкіндіктері таныстырылды.
Заманауи құрылғылармен жабдықталған жылжымалы криминалдық зертхана да полицейлердің нәтижелі жұмыс атқаруына жәрдемдесетін болады.

Анықтама үшін: Атырау облысы ІІД криминалситерінің қызметі – қылмыс болған жерге тергеушілермен бірге барып, тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру жұмысына қатысу. ІІД жедел криминалистік бөлімінің қызметкерлері былтырғы оқиға орындарына 5335 рет шықты. Атқарылған жұмыстың басым бөлігі дактилоскопиялық зерттеуге негізделген. Криминалистердің зерттеу қорытындысы нәтижесінде 300-ге жуық қылмыскердің әрекеті әшкере болған.

 

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*