Атыраулық полицейлер Ресей азаматының ұрланған көлігін тауып берді

Басты жаңалық

razbitoe_steklo

“Атыраулық полицейлер Ресей азаматының ұрланған көлігін тауып берді”, – деп хабарлайды Atr.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейлік азамат интернеттегі жарнама сайттардың бірінен өзінің бір ай бұрын жоғалтып алған көлігін байқап қалады. Жарнама беруші атыраулық тұрғын болғандықтан, ол жергілікті полицейлерден көмек сұрайды.

Нәтижесінде атыраулық тәртіп сақшылары дереу іске кірісіп, көрші ел азаматының көлігін дер кезінде тауып береді.

Аты-жөнін жарияламауды өтінген азамат жергілікті полицейлерге алғысын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *