Атыраулық паралимпиадашы ерекше балаларға үміт сыйлайды

Жерлес спортшы Ерлан Қазиев 7 қарашада өтетін қайырымдылық балына қатысады, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

45148836_577287462705924_7763793178733314048_o

«1st Grand ball Atyrau» қайырымдылық балы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады. Қайырымдылық балының негізгі мақсаты – өңірдегі жұлын және бас миы зақымданған балаларды емдеу мен сауықтырумен айналысатын «Атырау. Маленькая страна» қорына қолдау білдіру.

Айтулы кеште еліміздің жарық жұлдыздары өнер көрсетіп, арнайы іріктеуден өткен 150 дебютант би бағдарламаларын ұсынатын болады. Атыраулық паралимпиадашы Ерлан Қазиев та осы кештің дебютанттары қатарында.

«Қайырымдылық гранд балын алғаш рет Индонезия мемлекетінде жарыста жүргенімде әлеуметтік желіден көрген болатынмын. Аталмыш шараға қатысудағы басты мақсатым – қайырымдылық жасау, сондай-ақ, өзім сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды өзгелерге қолдау білдіріп, қоғамдық өмірге белсене араласуға шақыру. Бұл кеште мен де атыраулық жастардан қалыспай би билеп, өнерімді көрсетемін. Барлық жерлестерімді қайырымдылық кешіне атсалысуға шақырамын», – дейді Ерлан Қазиев.

Айта кетейік, Атыраудағы алғашқы Гранд бал 7 қарашада «Салтанат Сарайы» мейрамханасында өтеді. 18:30-да қонақтар қызыл кілеммен жүріп өтіп, 19:00-де қайырымдылық іс-шарасы басталады.

Билет құны – 15 мың теңге. Билеттерді kassir.kz сайтынан алуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша 8702 640-77-99, 8778 291-84-88 байланыс телефондарына хабарласа аласыздар.

WhatsApp Image 2018-11-02 at 09.42.38

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*