Атыраулық палуандар Румыниядан жүлделі оралды

Румыния астанасы Бухарест қаласында күрес түрлері бойынша жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті.

WhatsApp Image 2018-06-04 at 12.32.50 (1)

Атыраулық еркін күрес шеберлері айтулы додада 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі.

65 келіде Жалғасов Бекзат қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Бекзат іріктеу кезеңдерінде Грузин мен Венгрия балуандарын ұтты. Ақтық кезеңде ирандық спортшыны оңай ұтты. 61 келіде Талғат Сырбаз қола, ал 71 келіде Шамарданов Жастілек күміс жүлдегер атанды, – дейді Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*